Қоғам

БҚО-да бұрын сотталғандар балалар лагерлеріне орналасуға тырысқан

Батыс Қазақстан облысы полиция қызметкерлері жазғы лагерлерге жұмысқа орналасуға үміткерлерді тексеріп, олардың арасынан соттылығы бар адамдарды анықтады.

4 маусым 2026 · 06:47·Оқу: 2 мин

БҚО-да бұрын сотталғандар балалар лагерлеріне орналасуға тырысқан
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·4 маусым 2026

БҚО полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Олжас Ибраимовтің айтуынша, тексеру білім басқармасы ұсынған тізімдер бойынша жүргізілген. Адамдардың соттылығы, әкімшілік құқық бұзушылықтары бар-жоғы, сондай-ақ нарколог немесе психиатр есебінде тұрған-тұрмағаны тексерілді.

Лагерьлерде жұмыс істегісі келген сегіз адамның соттылығы анықталды. Тағы бесеуінен әкімшілік құқық бұзушылықтар табылды. Ақпарат білім басқармасына жіберіліп, тиісті шаралар қабылданатын болады.

Қосымша тексерулер

Облыста бес ай ішінде жасөспірімдер 32 қылмыс жасаған, былтырғы осы кезеңде 39 қылмыс тіркелген. Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар саны 86-дан 81-ге дейін азайған.

19-25 мамыр аралығында 86 мектеп автобусы тексерілді. Оның үшеуі — Орал қаласында, Қазталов және Сырым аудандарында — техникалық талаптарға сай келмеді. Бұзушыларға нұсқамалар берілді.

25 мамыр мен 1 маусым аралығында облыста «Демалыс» шарасы өткізілді. Полиция 394 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның 335-і кәмелетке толмағандардың түнде ата-анасыз жүргеніне байланысты.

Пікірлер