Қоғам

Қазақстанда 2027–2030 жылдарға арналған психикалық денсаулық жоспары бекітілді

Үкімет 2027–2030 жылдарға арналған психикалық денсаулықты қорғаудың кешенді жоспарын мақұлдады.

22 шілде 2026 · 17:52·Оқу: 2 мин

Қазақстанда 2027–2030 жылдарға арналған психикалық денсаулық жоспары бекітілді
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·22 шілде 2026

Жоспарды Премьер-Министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен өткен кеңесте қарады. Жаңа тәсілдер туралы Ақмарал Альназарова баяндады.

Қазіргі уақытта екі республикалық клиника, 20 өңірлік психикалық денсаулық орталығы, 98 бастапқы орталық және ауылдық жерлерде 200-ден астам кабинет мамандандырылған көмек көрсетеді. Талдау қызметті одан әрі дамыту қажеттігін көрсетті.

Жоспар психикалық денсаулық мамандарын емханалар жұмысына интеграциялауды, ерте диагностиканы дамытуды, пациенттің маршрутын цифрландыруды, кадрларды нығайтуды және инфрақұрылымды жаңартуды қарастырады. Балалар мен жасөспірімдерге ерекше назар аударылады.

Бейінді ведомстволар ғылыми зерттеулерді дамытуды, мамандарды даярлауды жетілдіруді, білім беру бағдарламаларын жаңартуды және педагогтар мен психологтардың біліктілігін арттыруды ұсынды. Сондай-ақ мүгедектігі бар балалар мен ересектер үшін арнайы әлеуметтік қызметтер жүйесін және инфрақұрылымды дамыту жоспарлануда.

Министрліктер мен өңір әкімдіктерінің баяндамаларын тыңдағаннан кейін жоспар мақұлданды.

Пікірлер