Тыңдауға қатысушылар мегаполистің экологиялық даму сценарийін қарастыруда. Ұсыныстардың ішінде — Әл-Фараби даңғылынан оңтүстікке қарай күрделі құрылыс салуға толық тыйым салу, Іле-Алатау ұлттық паркінің қорғау режимін сақтау және ауа мониторингі желісін 50-ден астам стационарлық бекетке дейін кеңейту бар.
Тұрғындар жасыл аймақтардың қысқаруына, ауыз сумен қамтамасыз етілуіне және жаңа құрылыстың салдарына алаңдаушылық білдірді. Сұрақтарға әкімдік өкілдері мен «Алматыгенплан» ҒЗИ мамандары жауап берді.
Жасыл қорды бағалау
Сарапшы Гүлнұр Жүнісова Алматының жасыл желектермен қамтамасыз етілуі адам басына шамамен бес шаршы метрді құрайтынын, ал норматив 16 шаршы метр екенін хабарлады. Жекелеген табиғи аумақтар нормативті есептеу кезінде ескерілмейді.
Бас жоспар жергілікті түрлерге басымдық бере отырып, жыл сайын 10 мыңнан астам ағаш отырғызуды көздейді. Өзен жағалауларын көгалдандыру және Іле-Алатау паркінің айналасында қорғау аймағын құру жоспарлануда.
Қосымша шаралар
Құжатта сондай-ақ танымал шатқалдардағы рекреациялық жүктемені реттеу, сирек кездесетін жануарларды мониторингтеуді кеңейту және көші-қон үшін экологиялық дәліздер құру қарастырылған.
Стратегиялық экологиялық бағалау Алматының 2040 жылға дейінгі жаңа Бас жоспарын әзірлеу кезеңдеріне кіреді. 2025 жылдың желтоқсанында талқылауларда 60-тан астам бірегей ұсыныс түсті.