Аурушаңдық 100 мың тұрғынға шаққанда 28,6 жағдайды құрады. Аурудың таралуы 14%-ға азайып, 100 мың тұрғынға шаққанда 37 жағдайға жетті. Өлім-жітім 100 мың тұрғынға шаққанда 0,7 жағдайға дейін төмендеді.
17 жасқа дейінгі балалар арасында аурушаңдық 5,7%-ға қысқарды. 2024 және 2025 жылдары балалар арасында туберкулезден болатын өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.
Емдеуді ұйымдастыру
Пациенттердің 70%-ы терапияны бірінші күннен бастап амбулаториялық түрде бастады. Олардың ішінде 39,2%-ы смартфон арқылы бейнебақылаумен ем қабылдады, 57,5%-ы бақылаумен емдеу кабинеттерінде, ал 3,3%-ы күндізгі стационарларда немесе мобильді бригадалар арқылы ем алды. Амбулаториялық ем қабылдаған пациенттердің 95%-дан астамы әлеуметтік қолдау шараларын алды.
Диагностика және терапия
Туберкулезді диагностикалау, емдеу және алдын алу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді. Қазіргі заманғы экспресс-әдістер ауруды және қоздырғыштың дәріге төзімділігін екі сағат ішінде анықтайды. Емдеу үшін ВОЗ ұсынған қысқа толық таблеткалық схемалар қолданылады. Алдын алу емінің тиімділігі 92,8%-ға жетті.