Білім вице-министрі ел дарынды жастарды жүйелі түрде қолдауды жалғастырып, халықаралық олимпиада жеңімпаздарын мемлекеттік деңгейде ынталандыратын аздаған мемлекеттердің қатарында екенін айтты.
Алтын медаль иегерлеріне 1500 МРП-ға дейін (6 млн 487,5 мың теңге), күміс медаль иегерлеріне — 1000 МРП-ға дейін (4 млн 325 мың теңге), қола медаль иегерлеріне — 500 МРП-ға дейін (2 млн 162,5 мың теңге) төленеді. Мемлекеттік қолдау жеңімпаздарды дайындаған педагогтарға да таралады.
2025 жылы Мемлекет басшысы алғаш рет 24 мұғалімді «Құрмет» орденімен, «Шапағат» және «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапаттады. Тәлімгерлер сондай-ақ 8,5-тен 26,5-ке дейінгі лауазымдық жалақы мөлшерінде ақшалай сыйақы алды.
2025 жылы жеңімпаздар мен олардың педагогтарына төленген мемлекеттік біржолғы сыйақылардың жалпы сомасы 101,7 млн теңгені құрады. Жеңімпаздар Қазақстанның жоғары оқу орындарында мемлекеттік гранттар бойынша немесе шетелде «Болашақ» стипендиясы бойынша оқи алады.
Биылғы жылдан бастап халықаралық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен оларды дайындаған педагогтарға төлемақы механизмі енгізілді.