Экология министрлігі департаментінің директоры Дәулет Есмағамбетов «Таза Қазақстан» бастамасының барысы туралы айтып берді. Оның сөзінше, 2026 жылдың алғашқы төрт айында 124 экологиялық іс-шара өткізілген. Қатысушылар 260 мың тоннадан астам қалдық жинап, шамамен 48,5 мың гектар аумақты тазартқан, 723 мыңға жуық ағаш отырғызған. Акцияларға 2,7 миллионнан астам адам, оның ішінде 326 мың волонтер қатысқан.
Мемлекеттік орман қоры жерлерінде екі миллиард ағаш отырғызу аясында миллион гектардан астам аумаққа 1,6 миллиардтан астам көшет отырғызылды. Елді мекендерде 15 миллион жоспар бойынша 18 миллионнан астам ағаш отырғызылды.
Чат-бот азаматтарға қоқыс үйінділері, ластану және басқа да бұзушылықтар туралы хабарлауға көмектеседі. Өтініштердің негізгі тақырыптары — аумақтарды тазарту, қоқысты шығару, көшелерді абаттандыру және жолдарды жөндеу. Сервис фото жүктегеннен және мекенжайды көрсеткеннен кейін өтінішті автоматты түрде жұмысқа жібереді.
Қазір чат-ботта сенбіліктер мен қалдықтарды шығару орындарын қадағалау үшін аналитикалық бөлік жетілдірілуде. Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық күні мен Эколог күніне орай барлық өңірлерде акциялар, лекциялар, пресс-турлар және көгалдандыру іс-шаралары жоспарланған.
Бот 2024 жылдың маусым айында іске қосылды. Хабарлама жіберу үшін Telegram-да авторизациядан өтіп, суретті тіркеп, мәселені сипаттау қажет.