Жаңалықтар

Атырау облысында пайдаланылмаған жерлер 619 млн теңгеге мемлекетке қайтарылды

Атырау облысында пайдаланылмаған жер учаскелері 619 млн теңгеден астам сомада мемлекеттік меншікке қайтарылды.

30 маусым 2026 · 08:42·Оқу: 1 мин

Атырау облысында пайдаланылмаған жерлер 619 млн теңгеге мемлекетке қайтарылды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·30 маусым 2026

Талдау көрсеткендей, кәсіпкерлік қызмет, тұрғын үй құрылысы және басқа мақсаттар үшін бөлінген учаскелер ұзақ уақыт бойы игерілмей қалған. Жергілікті атқарушы органдар бұл жерлерді айналымға енгізу бойынша уақтылы шаралар қабылдамаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар жер пайдалану құқықтарын тоқтатып, учаскелерді мемлекетке қайтарды.

Бұған дейін Алматыда 14 гектардан астам жер мемлекеттік меншікке қайтарылған болатын.

Пікірлер