Владимир Путин екі елдің білім беру саласындағы ынтымақтастығының маңыздылығын да атап өтті. Оның сөзінше, қазір көптеген қазақстандықтар ресейлік жоғары оқу орындарында оқиды.
— Қазақстан Президентіне орыс тілін қолдау бойынша халықаралық құрылым құрудың бастамашысы болғаны үшін өте ризамыз. Бұл, менің ойымша, болашаққа бағытталған, біздің қарым-қатынастарымызды сақтауға және оларды барлық бағыттар бойынша, соның ішінде гуманитарлық аспектілерді қоса алғанда, дамытуға бағытталған, — деді Ресей Президенті.
2024 жылы Қазақстан орыс тілі бойынша Халықаралық ұйым құру туралы шартты ратификациялады.