Апта бұрын баға 68 888,36 теңге деңгейінде болған. Жеті күн ішінде грамм 2 837,13 теңгеге қымбаттады.
Әлемдік нарықта да алтын бағасы өсті. Reuters деректері бойынша, 4 маусымда споттық құны 0,7%-ға өсіп, бір унция үшін 4 464,69 долларға жетті.
Котировкаларға доллардың әлсіреуі және мұнай бағасының төмендеуі қолдау көрсетті. Инвесторлар Иран айналасындағы қақтығысты реттеу перспективаларын бағалап жатыр.