Экономика

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 1,4 есе өсті

Тәжікстан статистика агенттігінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 770 млн АҚШ долларына жетті.

24 шілде 2026 · 19:32·Оқу: 1 мин

Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы 1,4 есе өсті
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·24 шілде 2026

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40%-ға көп. Тәжікстан Қазақстанға 57,2 млн долларға тауар жеткізді, ал Қазақстаннан 712,9 млн долларға импорттады.

Қазақстан Тәжікстанның сауда серіктестері арасында үшінші орынды иеленді. Бірінші орынды 1,78 млрд доллар айналыммен Қытай, екінші орынды 1,32 млрд доллармен Ресей ұстап отыр.

Тәжікстанның алты айдағы жалпы сыртқы сауда айналымы 6,82 млрд долларды құрап, 44,2%-ға өсті. Ел 124 мемлекетпен, оның ішінде ТМД-ның он елімен сауда жасайды.

Пікірлер