Экономика

Қызылорда облысының фермерлері несиелер бойынша субсидия алмайды

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қызылорда облысының фермерлері несиелер бойынша пайыздарды өтеуге арналған субсидиялардан неге айырылғанын түсіндірді.

3 шілде 2026 · 06:17·Оқу: 2 мин

Қызылорда облысының фермерлері несиелер бойынша субсидия алмайды
Фото: TR Kazakhstan редакциясы
TR Kazakhstan редакциясыТілші·3 шілде 2026

2023 жылдан бастап агроөнеркәсіптік кешендегі несиелер мен лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау бағдарламасы жергілікті бюджет деңгейіне берілді. Қаржыландыру ең алдымен өңірлік қаражаттан жүруі тиіс.

Қызылорда облысына осы мақсаттарға 2026 жылы 17,4 млрд теңге, 2027 жылы 20,4 млрд теңге және 2028 жылы 19,6 млрд теңге қарастырылған. Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 2 қазандағы № 349 бұйрығымен қағидалардан ақша болмаған жағдайда өтінімдерді резервке қабылдау мүмкіндігі алынып тасталды. Бұрын берілген өтінімдер сақталады және қаражат түскен сайын төленеді, ал қағидалар өзгергенге дейін қаралмаған барлық ұсыныстар да қаралады.

Субсидияларға ақша жетіспеушілік жағдайы барлық өңірлерге тән. 2016 жылдан 2025 жылға дейін Қызылорда облысында 3471 несиелік келісімшарт бойынша 2662 шаруашылыққа 20,6 млрд теңге төленді.

2026 жылы не болып жатыр

Облыстық бюджеттен 2,2 млрд теңге бөлінді, олар толық игерілді. Қосымша мәслихаттың 2026 жылғы 15 мамырдағы № 247 шешімімен тағы 1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат тек қабылданған міндеттемелерге жұмсалады. Жаңа өтінімдерді қабылдау тоқтатылды.

Қосымша қаржыландыру мәселесі бюджет мүмкіндіктеріне байланысты шешіледі. Шаруашылықтармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, жағдай әкімдіктің бақылауында қалып отыр.

Фермерлер несиелерді қалай төлейді

Өткен жылы фермерлер «Агробизнес» бағдарламасы бойынша несиелік серіктестіктер арқылы 25,5 % бойынша несие алды. Олардың өздері 6 % төлейді, қалғанын мемлекет субсидиялауы тиіс. Қаражат жетіспеушілігінен аграршылар neсиелерді 4–5 ай бойы толықтай өз бетінше төлеп келеді.

Ағымдағы жылы мал шаруашылығындағы жеңілдікті несиелеуге 300 млрд теңге бағытталды.

Пікірлер